Биыл қазанның 26-сы күні облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше саяси науқан еліміздің 20 өңірінің 16-сында өтеді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Жетісу облысында сайлау қарастырылмаған. Кандидаттардан құжат қабылдау 25 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Тіркеу 30 қыркүйек сағат 18:00-де аяқталады. Үгіт-насихат жұмыстары 30 қыркүйектен 25 қазанға дейін жүргізіледі. Ал сайлау қорытындылары 2025 жылдың 1 қарашасына дейін жарияланады.