Отан отбасыдан басталады. Осы ретте әлеуметтік тұрғыда осал азаматтарға қолдау көрсету – еліміз үшін аса маңызды міндеттердің бірі болып саналады. “Мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет. Бір сөзбен, кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуға тиіс”, – деген болатын Президент кезекті Жолдауларының бірінде. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жер-жерде Отбасын қолдау орталықтары құрылды. Бұл науқаннан Қызылжар ауданы да қалыс қалған жоқ.
ОРАЛҚАН ҚАРЖАУ, Қызылжар аудандық отбасын қолдау орталығының директоры 209 план:
— Біздің Отбасын қолдау орталығының негізгі мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды, тұлғаларды ерте анықтау және де оларды сол жағдайдан шығару болып табылады.
Мақсат орындалып жатыр. Аталған ұйымға көмек іздеп келген адамға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Бұйымтайы тыңдалып, кәсіби кеңес беріледі. Мұнда білікті заңгер де, психолог та бар.
ОРАЛҚАН ҚАРЖАУ, Қызылжар аудандық отбасын қолдау орталығының директоры 209 план:
— Аталған мамандар жаңағы тұлғалармен жеке жұмыс істейді. Психологиялық, заңгерлік, құқықтық көмек көрсетіледі. Қазіргі таңда біздің орталықта 1-ші тамыздан бастап, ашылған сәттен бастап 70-ке жуық отбасы түрлі қызмет түрлерін алды. Психологиялық және құжаттарды рәсімдеу бойынша құқықтық көмек алды.
Орталық заңгері Марат Нубаевтің айтуынша тұрғындардың көбі баспана мәселесімен жүгінеді екен.
МАРАТ НУБАЕВ, Қызылжар аудандық отбасын қолдау орталығының заңгері 217 план:
— Келушілердің арасында баспана мәселесі толғандыратындар көп. Кезекке тұруға, құжат пакетін жинастыруға жәрдемдесеміз, өйткені, бұл тәртіп жайында заң тұрғысынан білетіндер шамалы. Жуырда ешкімі жоқ бір кейуана үйімнің қасыма отын-шөп сақтайтын сарай салып беріңіздерші деп өтінді. Оған да көмектестік. Тиісті органдар арқылы орман шаруашылығына жүгініп, шамалы тақтай алдырттық. Осы демалыс күні салуға кірісеміз.
Отбасын қолдау орталығына жүгінгендердің бірі – Тоғанай Арыстамбаева. Нәзікжанды отын мәселесімен келген.
ТОҒАНАЙ АРЫСТАМБАЕВА, Қызылжар ауданының тұрғыны:
— Көп көмек беріп жатыр мүмкіндігі шектеулі жандарға. Отын әкеліп берді. Үлкен рахмет айтамын. Көп көмек, мінекей.
Орталық мамандары пробациялық қызметте есепте тұрған азаматтарға да қолдау көрсетеді.
Данаш Хамза