Құқық қорғау органдары

“Учаске” ЖАШ: 2 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Полицейлер екі ай бойы үйлерді аралайды, тұрғындармен жеке сөйлесіп, өздерін таныстырады және қауіпсіздік ережелерін қаперге салады. Қазір өңірде “Учаске” жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Оған қатысып жатқан тәртіп сақшылары да көп.
Шараға түрлі қызметтен 300-ден астам маман тартылған.

МАХАББАТ ШӘКЕНОВА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

— «Профилактика жылы» мен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы орындау аясында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 1-ші қыркүйек пен 1-ші қараша аралығында «Учаскелік» іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты – құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және ескерту. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуге жергілікті полиция қызметкерлері, криминалдық полиция мен пробация қызметінің қызметкерлері қатыстырылады. Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақтарды аралап, әңгімелесулер жүргізеді, оның барысында азаматтардың мәселелері түсіндіріледі, құзырет аясында азаматтарға көмек көрсетіледі.

Полиция қызметкерлері акция барысында 33 мыңнан астам жер үй мен пәтерді аралаған. Ерекше назар жалға берілетін тұрғын үйлер мен саяжай аумақтарына аударылуда. Барлығы – 2 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның 20-дан астамы – тұрмыстық құқықбұзушылық, 30-дан көбі – ата-аналық міндеттерін орындамау деректері. Сондай-ақ, мамандар есепте тұрған тұлғалар мен қаруы бар азаматтарды тексереді және заңсыз мигранттарды анықтайды.