Ысталған ет, шұжық, донерге арналған түрік айраны, қымыз, балмұздақ пен йогурт. Кәсіпкерлер палатасында үздік ауыл өнімі анықталды. “Бір ауыл-бір өнім” атты байқауды өткізудегі мақсат – ауыл өнімін өндіретін кәсіпкерлерге қолдау көрсету және тауарларын сыртқы нарыққа шығаруға мүмкіндік беру. Биыл сайысқа 32 іскер қатысқан.
ӘСЕЛ САМАРАТОВА, СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:
— Байқауға қатысуға өтінім тастаған кәсіпкерлер әуелі сауалнама толтырды. Кейін шілде айында “Бір ауыл-бір өнім” көрмесіне қатысты. Ал қазір іскер жандар өңірлік Бренд комитетінің іріктеуінен өтеді. Мұнда олар өз өнімдерін таныстырады, бір сөзбен айтқанда жобаларын қорғайды.
Келесі кезеңге 32 кәсіпкердің арасынан 10-ы өтті. Үшеуі жеңіске жетті. Олар: қой етінен бұқтырма жасайтын, қызмыз өндіретін және ет сүрлеумен айналысатын іскер азаматтар. Жеңімпаздар республикалық жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысады. Сондай-ақ, еліміздегі мықты деген маркетологтармен жұмыс істейді. Ал ең бастысы – 5 млн теңгеге дейін өтеусіз грант ала алады.
Серік Күшікбаев Тайынша ауданынан келген. Кәсіпкер ешкі сүтінен табиғи йогурт әзірлейді. Азмат кәсібін Астана қаласында бастаған екен. Кейін уақыт өте ешкілерін жаятын жер керек болған. Сөйтіп, 3 жыл бұрын солтүстік өңірге көшіп келген. 7 баланың әкесі Серік Рамазанұлының айтуынша, осындай байқаулар бизнестің дамуына ықпал етеді.
СЕРІК КҮШІКБАЕВ, кәсіпкер, Тайынша ауданы:
— 40-қа жуық ешкіміз бар. Өзіміз бағамыз, өзіміз сауамыз. Тапсырыстар болып жатса Астана қаласына дейін жеткіземіз. Әзірше, тек Көкшетау мен Астаға жібереміз. Себебі, логистиа бойынша бұл бізге тиімді.
Жалпы, “Бір ауыл-бір өнім” жобасы өңірімізде 2023 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Осы аралықта 70-ке жуық тауарөндіруші қатысқан.
Ақтолқын Солтанханқызы