Петропавлдағы Жамбыл көшесі бойындағы гараж кооперативтерінің жанында заңсыз орнатылған темір гараждарды жою жұмыстары біраз уақыттан бері жүргізіліп келеді. Бүгінде мемлекеттік меншік жерінде бір ғана гараж қалған, алайда иесін анықтау мүмкін болмай отыр. Қақпасына жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту қағазы ілінсе де қожайыны табылмапты.
Малик ШИГАБУТДИНОВ, қоғам белсендісі:
— Бұл мәселе әкіммен өткен кездесулерде бірнеше рет көтерілді. Мұндай гараждар көп қиындық тудыратындықтан тұрғындар жиі жиі шағымданады. Ол жерлер қоқысқа толып жатады, маңында қаулап арамшөп өсіп тұрады және қағыбас адамдар жиналады.
Тәртіп сақшылары мен жергілікті атқарушы органдар гаражды арнайы айыптұраққа көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыс «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында атқарылып жатыр.
Қанат ЖҰМАБАЕВ, қалалық ПБ Бірінші бөлімінің ЖПҚБ бастығы:
— Тұрғындардың мекенжайларын тексеру, басқармада есепте тұрған адамдарды тексеру және аулалық аумақтарды тексеріп, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау.
Полицейлер “Учаске” жедел-алдын алу шарасы барысында төрт күн ішінде есепте тұрған мың жарымнан астам тұлғаны тексеріп, 20-ға жуық құқық бұзушылық анықталды. Оның көбі ортақ пайдалану орнын ластаған және қоғамдық орында мас күйде жүрген.
Данаш Хамза