Қоғам

Тұрғындарға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Теміржол бойымен жүрме! Жолаушылар платформасындағы қауіпсіздік сызығынан аспа, тоқтап тұрған вагонга сүйенбе! Вокзалдағы осы сияқты түрлі сақтық ережелерін біреу білсе, біреу білмес. Бүгін тұрғындарға теміржол аумағындағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Оны желілік полиция бөлімінің мамандары ұйымдастырды. Акцияға “Абайлаңыз – балалар!” атауы берілген.

ӘДІЛ МҰРАТОВ, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:

Полиция қызметкерлері жолаушылар мен ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептер мен колледжерде түсіндіру әңгімелері жүргізілуде.

Профилактикалық шаралардың жиі өткізілуінің нәтижесінде бүгінде теміржол аумағындағы оқыс оқиғалар саны азайған. Атап айтатын болсақ, пойыздардың шұғыл тежеуі – 12, жарақат алу 2 жағдайға кеміген. Сонымен қатар, желілік полиция бөлімінің мамандары өңірде “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

ӘДІЛ МҰРАТОВ, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:

Оның мақсаты – көліктегі қоғамдық тәртіпті күшейту. Қылмыстың алдын алу және адамдардың полицияға деген сенімін арттыру. Аталған іс-шаралардың барлығы теміржол және әуе көлігі нысандарында балалар мен ересектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қауіпсіздік пен тәртіпке күндіз-түні назар аудару қажет. Осы мақсатта полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет етеді. Жыл басынан бері мамандар теміржол аумағында 2 мыңнан астам жанға қатысты әкімшілік хаттама толтырған.

 

Ақтолқын Солтанханқызы