Спорт

Наталья Богданова – әлем чемпионатының жартылай финалында

Қола қолда – алтын жолда. Солтүстікқазақстандық Наталья Богданова бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Осылайша ұлттық құрама қоржынына алғашқы жүлде салып отыр. Дүбірлі дода Англияның Ливерпуль қаласында өтуде. Байрақты бәсекеге 51 мемлекеттен келген 540 спортшы қатысып жатыр. Барлығы – кіл мықтылар. Теріскейлік былғары қолғап шебері 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсуде. Ол ширек финалда түркиялық Сема Чалышканды айқын басымдықпен жеңді. Тіпті, екінші раундта қарсыласын бір есеңгіретіп алды. Наталья 13-ші қыркүйек күні шаршы алаң қожайыны Шантель Ридпен ақтық сын жолдамасын сарапқа салады.