Балалар

14 қыркүйек – Отбасы күні

Отбасы күніне орай №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. Кеше мұнда үстел теннисінен сайыс өтсе, бүгін волейболдан бақ сыналып жатыр. Қатысушылар – ұстаздар мен олардың шікірттері.

Волейбол бітісімен ортаға бастауыш сыныптары шықты. Олар үшін бүгін қызықты эстафета ұйымдастырылыған. Ұл-қыздар екі топқа бөлініп, кім жүйрік екенін анықтады.

— Маған бүгінгі ойын ұнады. Біздің командамыз өз мықтылығын паш етіп, жоғары нәтиже көрсетті.

— Бүгін бізге сәл жылдамдық жетіспей қалды. Осындай ойындар жиі өткізіліп тұрса екен деймін.

Бүгінде №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде 2 мыңға жуық оқушы білім алады. Оның арасында 28 ұлт өкілі бар. Мектеп директоры Ләззат Жалмұқанованың айтуынша балалардың тілі әр түрлі болса да мақсаттары бір – бір шаңырақ астында тәлім алып, келешекте ел дамуына үлес қосу. Ал осындай шаралар жас ұрпақтың ұйымшылдығын арттыра түседі.

ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры:

— Мектебімізде “Адал азамат” деген бағдарлама енгізіліп жатыр. Бұл шаралардың барлығы отбасыға арналған. Себебі, біздің оқушыларымыз көпұлтты болған соң барлығын түсінулері керек.

Сондай-ақ, Отбасы күніне орай мектепте ұстаз болып еңбек етіп жүрген ерлі-зайыптылар қошеметке бөленді.

 

Ақтолқын Солтанханқызы