Денсаулық сақтау

Жолдауды ұжым болып тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын Жұмағали Тілеулин атындағы жоғары медициналық коледжінің әкімшілігі оқытушылары мен студенттері тыңдап отыр. Жыл сайын жарияланатын маңызды үндеуінде Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесінің дамуына тоқталды. Осы орайда елімізде медициналық мекемелер желісін нығайту, көпбейінді ауруханалар салу және тозғанын жөндеу қажеттігі туралы айтылды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Мемлекет денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін жүйелі шешімдер қабылдап жатыр. Елімізде медицина нысандары біртіндеп жаңғыртылуда. Ауылдағы фельдшерлік пунктерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңартылып жатыр.

Сонымен қатар, фармацевтика саласына баса назар аударылды. Мемлекет басшысы өзіміз өндіретін дәрілердің түрі мен санын көбейту – стратегиялық міндет екенін айта кетті. “Ел болам десең, бесігіңді түзе” демекші, білікті мандар әзірлеу үшін алдымен бәсекеге қабілетті студенттер тәрбиелеу жұмысына жіті назар аудару қажет.

ӘСЕМГҮЛ БЕКТҰРҒАНОВА, Ж. Тілеулин атындағы СҚ жоғары медициналық колледжінің әдіскері:

— Президентіміздің жыл сайынғы жолдауы кез келген саланың жұмысын айқындап береді. Президентіміз жыл сайын алдымызға жаңа жоспар, жаңа бағыт-бағдар беріп отырады. Соңғы жылдары медицина саласы цифрландыруға аяқ басып келе жатыр.

Сонымен қатар, Үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруы тиіс.