Балалық шақ аяқталып, үлкен өмірге қадам басты. Петропавлдағы ҚР ҰҰ академиясының 200-ге жуық курсанты ант қабылдады. Олар 40 күн бойы полигонда болып, арнайы әскери даярлықтан өтті. Сап түзеген сарбаздар қызметте адал болуға, Отанды абыроймен қорғауға серт берді. Айта кету керек, аталған әскери білім ордасында офицерлер 8 мамандық бойынша даярланады. Барлығы – 10 кафедра бар. Оқу орны магистратураға офицер-тыңдаушыларды да қабылдайды. Бұл академия мәртебесі берілгеннен кейін мүмкін болып отыр.