Мәдениет

Облыстық “TIL FEST” фестивалінің ашылу салтанаты өтті

Бүгін елімізде Қазақстан халқы тілдері күні атап өтіліп жатыр. Осыған орай Петропавлда “TIL FEST” фестивалінің ашылуы салтанаты өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысты.

ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО әкімінің орынбасары:

Бұл күннің Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі бекер емес. Ағартушымыздың өмірі мен еңбегі – ел болу жолындағы ұлтты сүюдің жарқын үлгісі. Бүгінгі күні еліміз – түрлі этнос өкілдерінің ана тілін және мәдениетін дамытуға жағдай жасап отырған бірегей мемлекет.

Шарада мемлекеттік тілдің дамуына елеулі үлес қосқан жандардың еңбегі еленді. Олардың бір тобы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Енді бірі Ахмет Байтұрсынұлы төсбөлгісімен мараптатталды. Солардың бірі – Үмітжан Шынтемірова.

ҮМІТЖАН ШЫНТЕМІРОВА, облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы:

Мен бүгін ана тілін дамытуға қосқан үлесім үшін осындай марапатқа ие болып отырмын. Бұл мен үшін қуаныш және үлкен жауапкершілік. Осы салада еңбек етіп жүргеніме 30 жыл болды.

Сонымен қатар, тілді дамыту жолында қосқан үлесі үшін бірқатар білікті ұстаз қошеметке ие болды. Оларға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды. Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Ақтолқын Солтанханқызы