Қоғам

СҚО-да аңшылық маусымы басталды

Үйрек, қаз бен қасқалдақ. Облыста 30-тамыз күні күзгі аңшылық маусымы басталды. 3 айға созылатын кезеңде тек су құстарын атуға болады.

ОЛЕГ БЕСПАЛОВ, СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

— Қыркүйектің 15-інен бастап сібір елігін ату маусымы басталады. Оның да өзіндік талаптары бар. Талапқа мойынұсынбағандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Инспекциямызда арнайы топ бар. Олар әр ауданды тексеріп, тәртіпті бақылайды.

Құстарды суға барып шетінен жайратуға болмайды. Өзіндік талаптары бар. Солтүстікқазақстандықтар өздерімен бірге тиісті құжаттарды алып жүруі тиіс. Атап айтқанда, аңшылық билетін, қару ұстауға рұқсат қағазын және аңшылық шаруашылықпен жасалған келісімшартын ұмытпауы тиіс. Соңғысында қандай және қанша аң-құсты атуға болатындығы жазылады. Талап ескерілмесе, тұлғаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

ОЛЕГ БЕСПАЛОВ, СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

— Ағымдағы жылы табиғатты қорғау талаптарын өрескел бұзудың 2 фактісі анықталды. Браконьерлер ұсталды. Екеуі 7 елікті жайратып салған. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Аңшы құжатта жоқ аңды немесе құсты атып алса, ауыр жаза тағайындалады. Мысалы, елік пен қабанға қатысты 750 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл – 1,5 млн теңгенің шамасында. Ал жануарларды шетінен қырғандар темір түрмеге тоғытылады. Биыл облыста 5 сібір елігін жайратқан азамат 1 жарым жылға 5 жылға бас бостандығынан айырылыпты.

 

Нұрасыл Ахмет