“Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба”. Елімізде осындай атаумен республикалық байқау өтіп жатыр. Сайыс 2 кезеңнен тұрады. Тамыз айында бастау алған біріншісі қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Сала мамандары 7 номинация бойынша сынға түседі.
АЛТАЙ СЕЙІТОВ, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
— Қатысушылар “Арнаулы әлеметтік қызмет көрсету орталығының үздік әлеуметтік қызметкері”, “Үйде қызмет көрсету ұйымының үздік әлеуметтік қызметкері”, “Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор”, “Еңбек мобильді орталығының үздік қызметкері”, “Үздік әлеуметтік жоба” атты номинацияларда бақ сынайды.
Бірінші кезеңнен кейін қазанның 1-і мен 5-і аралығында qamqor.enbek.kz онлайн платформасында ашық дауыс беру науқаны өтеді. Өңір тұрғындары өңір намысын қорғап жатқан жатқан біреуіне дауыс бере алады. Кқп дауыс жинағаны республикалық кезеңге өтеді.
АЛТАЙ СЕЙІТОВ, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
— Республикалық кезең 13-23 қазан аралығында өтеді. Ал қазан айының соңында Астана қаласында қорытындылау және салтанатты түрде республикалық турдың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Байқау соңғы рет 2018 жылы өткізіліпті. 7 жылдан соң қайта қолға алынып отырған бастама әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің беделін арттыруға бағытталған.
Ақтолқын Солтанханқызы