Нысан Ғ. Мүсірепов ауданындағы Ставрополка ауылында орналасқан. Бастама «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында қолға алынған. «Намыс» серіктестігінің базасында құрылған қосында 6 ерікті еңбек етеді. Өрт сөндіру нысаны арнайы техникамен және құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қосынның ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов қатысты.
РАМИЛЬ КАМАЛОВ, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:
— Ерікті өртке қарсы пункттердің дамуы әсіресе ауылдық аймақтар үшін маңызды. Бұл тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Министрлік әрі қарай да еріктілерді қажетті техникамен, нысанды киіммен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесінде қолдау көрсетеді.