Ауыл шаруашылығы

СҚО-да 1 млн тоннадан астам астық бастырылды

Солтүстік Қазақстан облысында 698 мың гектардағы дәнді және бұршақтағы дақылдар жиналды. Бұл – жалпы егістік жердің 23,6%. Бүгінге дейін бастырылған немесе қоймаға жеткізілген астықтың көлемі 1 млн тоннадан асады. Орташа шығымдылық 14,7 центнерді құрайды. Қоса кетейік, биыл мемлекет ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 75,6 млрд теңге бөлді. Соның жартысына жуығы өсімдік шаруашылығына бағытталды. Қомақты қаржының арқасында диқандар көктемгі дала жұмыстарын қиындықсыз аяқтап, маңызды науқан – ораққа кірісті.