Қоғам

Құбылмалы қыркүйек

Жазға қол былғадық, ал қоңыр күзге құшақ жайдық! Қыркүйек, қазан және қараша. Солтүстіктің ауа райы құбылмалы екенін ескерсек, осы 3 айда табиғаттың түрлі тосын мінезін бастан кешіреміз. Биыл жылдың үшінші мезгілі жайлы басталады. Бұл туралы синоптиктер мәлімдеді.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РММ СҚОФ бөлім басшысы:

— Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде +3+8 градустан +6+11 градусқа дейін көтеріледі. Ал күндіз +13+18 градус жылыдан +18+23 градусқа дейін, жекелеген күндері 26 градусқа дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында ауа температурасы төмендейді, екінші онкүндікте одан әрі біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Бұл – салқын күздің алғашқы белгісі. Екінші онкүндікте де құбылмалы ауа райы сақталады. Күндіз жылы болса, кешке және түнде суытады, ызғарлы жел сүйектен өтпек.

((ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РММ СҚОФ бөлім басшысы:

—Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +3+8 градустан 0+5° градусқа дейін төмендейді. Топырақ беті қатады. Ал күндіз +17+22 градустан +9+14 градусқа дейін төмендеуі болжанады. Жауын-шашын мөлшері норма шамасында, кей жерлерде нормадан көп болады деп күтілуде.

Жиі жел соғады. Оның күштілігі секундына 20 метрге дейін жетпек. Бірінші онкүндікте найзағай ойнайды. Ал тұман көбінесе айдың алғашқы жартысында түседі. Тарихи деректерге де сүйенейік. Өңірімізде қыркүйектегі ең ыстық күн 2022 жылы тіркеліпті. Сынап бағанасы бақандай +35,2 градусты көрсеткен. Ал ең суық күн сонау 55-тің 29-шы қыркүйегінде тіркелген. Онда температура минус 7 градусты құраған.

 

Ақтолқын Солтанханқызы