Білім

Қозыбаев университетінде Қазақстан-Қытай ғылыми аграрлық орталығы құрылады

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында Қазақстан-Қытай ғылыми аграрлық орталығы құрылатын болды. Тиісті меморандумға басқарма төрағасы-ректор Ербол Исақаев пен «Айцзю» корпорациясының директоры Цзя Цзин қол қойды.

Салтанатты рәсімге Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, бастаманың ерекше маңыздылығын атап өтті. Қазақстан-Қытай ғылыми аграрлық орталығы рапс, зығыр, күнбағыс сынды майлы дақылдарды қайта өңдеу саласындағы ғылыми-зерттеу, білім беру және инновациялық қызметті дамытуға ықпал ететін болады. Мұның бәрі аймақтың және тұтас Қазақстанның агросекторының дамуына серпін береді.