Қоғам

Есіл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы жаңғыртылды

Есіл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы цифрлық кеңсеге айналды. Бұл жерде жайлылық пен қызмет көрсету жылдамдығын арттыру үшін бірсыпыра жұмыс атқарылған. Нысан ресепшн, құжаттарды беру және экспресс-қызметтерді көрсету үшін жедел қызмет аймағынан тұрады, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен eOtinish платформасы арқылы өтініштерді қабылдау пункті де бар. Жаңа кеңсе аудандық әкімдіктің қолдауымен жаңғыртылып, клиентке бағдарланған және цифрландыру қағидаттарын ескере отырып жобаланған.