Өнеркәсіп

Жуырда “ЗИКСТО”-ның төртінші зауыты іске қосылады

Бұл – “ЗИКСТО” ЖШС-нің жаңа зауыты. Нысанның аумағы 12 мың шаршы метрді құрайды. Құны 24 млрд теңгені құрайтын кешенде жолаушы және жүк тасымалдаушы вагондар мен тіркемелер шығарылады. Мұндағы құрылғылар заманауи үлгіде, дені автоматтандырылған. Бүгін зауыттың жұмысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.

Нысан толығымен қолданысқа осы айдың ішінде беріледі. Ал қазіргі уақытта жүк тасымалына арналған тіркемелерді жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейін, толығымен іске қосылған соң 950 адамды еңбекпен қамту көзделген. Зауыт тәулік бойы жұмыс істемек. Шығарылатын өнім елдегі жолаушы және жүк тасымалдауда қолданылады. Бұл өндіріс орны – “ЗИКСТО” серіктестігінің 5-ші зауыты болмақ.

ДАНИС АРАСЛАНОВ, “ЗИКСТО” ЖШС атқарушы директоры:

Серіктестігімізде 4 зауыттың әрқайсысының арнайы шағаратын өнімі бар. Мәселен, біреуінде платформа құрастырады, енді біреуінде дөңгелектер жинағы шығарылады, келесі платформалардың жақтауларын әзірлесе,
соңғысы – тіркеме цехі. Жаңа зауыттың іске қосылуымен өндірістік қуаттылығымыздың артатынына сенім мол.

Жаңа нысан жұмысын бастасымен жылына 3 мың жүк тасымалдаушы, 500-ге жуық жолаушы вагоны және 6 мың дөңгелек жинағы шығарылады.

 

Ақтолқын Солтанханқызы