Жанып жатқан үйден алып шықты! Петропавлдық көршісін ажал аузынан құтқарды. Кеше Жұмысшы кентіндегі үйлердің бірі отқа оранды. Түтінді байқаған қырағы әрі батыл тұрғын құтқарушыларды күтпей баспанаға кірген. Ол 74 жастағы азаматшаны дер кезінде тауып, далаға шығарған. Қарияға ем-дом қажет болмады. Ал оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды көпке созбай ауыздықтады. Алдын ала болжам бойынша тілсіз жау электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан бас көтерген.