Облыс әкімдігінде жаңа тағайындау! Аймақ басшысының орынбасары қызметіне Нұрлан Кеңесов келді. Нұрлан Маратұлы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін “Менеджмент және көлік басқару, ұйымдастыру инженері” мамандығы бойынша тәмәмдаған. “Болашақ” бағдарламасы бойынша Англияда білім алып, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында оқыған. Еңбек жолын 2005 жылы Қарағанды облысындағы инженерлік-техникалық орталықтың инженері болып бастады. Әр жылдары “Нұр Отан” орталық аппаратында жұмыс істеді, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды. Атқамінер теріскейге жақсы таныс. Ол 2019-2022 жылдары Тимирязев ауданының әкімі болды. Осы тағайындауға дейін Көлік министрлігі жанындағы Көлік саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды. Айта кету керек, Нұрлан Кеңесовтің алдында облыс әкімінің орынбасары лауазымында Рүстем Құрманов болған еді.