Қазақстанда 100 жасыл ауыл салу жоспарланып отыр. Бұл туралы LS агенттігінің сайтында жазылды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше аталған ауылдар қоршаған ортаға зиянсыз болып, автономды жүйеде жұмыс істемек. Ерекше елді мекендердің құрылысы қашан басталатыны әлі белгісіз. Дегенмен, жобаны келесі жылдан бастап жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Жоспарға сәйкес, 100 жасыл ауыл жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды. Мақсат – экологиялық тұрақты және өзін-өзі қамтамасыз ететін қауымдастықтар құру. Болжамды инвестиция көлемі 600 млн долларды құрайды. Қаржыландыру көздері әлі анықталған жоқ. Әр экоауылда шамамен 5 гектар аумақта 10 мыңнан астам жеке тұрғын үй салынады. Жобада CIP-панель технологиясы қолданылмақ, бұл энергияны үнемдеуге, экологиялық таза болуға және сейсмикалық қауіпке төтеп беруге мүмкіндік бермек.