Білім

Биыл ҚР Ұлттық ұлан академиясына 200-ге жуық курсант қабылданды

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты іс-шара өтті. Биыл әскери оқу орнына 200-ге жуық курсант пен 10-нан астам магистрант қабылданды. Ұлттық ұлан академиясы – елдегі бірегей жоғары әскери оқу орны болып табылады. Мұнда құқықтық тәртіп әскерлері мен басқа да күштік құрылымдар үшін офицерлер даярланады. Бүгінде болашақ офицерлерді даярлау жұмысы тоғыз кафедра негізінде алты бағыт бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, академия қабырғасында жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру факультеті жұмыс істейді. Мұнда жыл сайын Ұлттық ұлан офицерлері мен басқа да күштік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қайта даярлаудан өтеді.