Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды. Ұлттық бюроның мәліметінше науқан 22 мың ірі кәсіпорын, 271 мың шаруа, фермер қожалығы мен жеке кәсіпкерлерді қамтуы тиіс. Берілген уақытта, яғни 31-ші тамызға дейін санақтан өтпеген жандар оны қазір арнайы sanaq.gov.kz сайтында өте алады.
МАҚСАТ ТҰРЛЫБАЕВ, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы:
— Онлайн-санақ кезеңі жақсы нәтиже көрсетті. Жедел деректер бойынша сайт арқылы сауалнамаға ауыл шаруашылығы құрылымдарының 84%-ы қатысты. Айта кету керек, жалпы тізімге ұзақ уақыт бойы белсенділігі жоқ, бірақ тіркеуде тұрған кәсіпорындар мен қожалықтар да енгізілген. Сондай-ақ, байланыс деректері өзекті емес субъектілер бар. Бұдан бөлек, кейбір респонденттер жұмысбастылығына байланысты санақтан уақытында өте алмаған. Қосымша берілген 20 күн олардың осындай маңызды мемлекеттік науқаннан тыс қалмауына мүмкіндік береді.