Теріскейлік «Sensitive» театры Қытайдан елге оралды. Естеріңізге салсақ, осыдан бір апта бұрын есту қабілеті шектеулі жандардан құралған би ұжымы Шанхай ынтымақтастық ұйымының сахнасында өнер көрсеткен болатын. Талантты ұл-қыздар аспан асты елінде қытайлық “Кішкентай дельфиндер” инклюзивті ұжымымен бірлесіп қойылым қойған. «Sensitive» би театрының жетекшісі Ольга Ростовщикованы өңір басшысы қабылдап, жетістігімен құттықтаған. Өнер ұжымының алға қойған мақсаттары көп.
ОЛЬГА РОСТОВЩИКОВА, «Sensitive» би театрының жетекшісі:
— Мұндай халықаралық сахнаға шығу біз үшін зор абырой болды. Ұжым көрермен назарына 12 нөмір ұсынды. Аспан асты елінде өткен сапар барысында тәжірибелі педагогтармен мол ақпарат алмастық. Бізге үнемі қолдау көрсетіп жүретін жандарға алғысым шексіз.