Аптадағы маңызды жаңалықтарМәдениет

Ата заң күніне орай Петропавлда концерт ұйымдастырылды

Ата заң күніне орай Петропавлдың орталығында концерт ұйымдастырылды. Шырқалған ән, биленген би Қазақстан Конституциясы көшесі бойына жиналған жұртшылықтың жүзінде жылулық ұялатты. Үлкен де, кіші де мерекелік көңіл күйде болды.

Тамыздың отызыншы жұлдызы жай күн емес. Осыдан тура үш онжылдық бұрын Ата заңымыз қабылданды. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның елдігін нығайтты, әлемдік аренада беделін арттырып, дамуға серпін берді. Сондықтан бүгін ән салатын, би билейтін жөніміз бар.

МҰХАМЕДӘЛИ ИСПАНОВ, Петропавл қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:

– Ата заңымыздың 30 жылдығы баршаға құтты болсын! Жыл сайын еліміз қарыштап дами берсін. Жастар мен қала тұрғындарына арналған ретро би кеші де қарастырылған. 

Концертте өнерпаздар тарапынан құттықтаулар, жылы лебіздер жиі айтылды. Сонымен қатар, шара барысында ойындар да ойнатылып, жеңіске жеткен жандарға сыйлықтар табысталды.

 

Нұрасыл Ахмет