Экономика және қаржы

Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру

Елімізде Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойылған міндеттерді және өзге де тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жалғасуда. Өңірлерді дамытуға күш салынды. Қазір «Ауыл аманаты», «Ауыл – Ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жобалары бар. Биыл алғаш аталған бастамаға 50 млрд теңге бөлінді. Ал 2026-2028 жылдарға шамамен 450 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Бұл қаражат есебінен 25 мыңнан астам жоба қаржыландырылып, елді мекендерде кемінде 30 мың жұмыс орны ашылмақ. 2025 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 9,9 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға артық. Бүгінде Президент инвестиция тарту және инвесторларға қажетті жағдайды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударып отыр.