Айыртау ауданында тағы да жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл жолы “Лобаново-Заря” тасжолында “Chevrolet Niva” автокөлігінің жүргізушісі аударылып, сол жерде қаза тапты. Ал салонда отырған 2 жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алды. Олар бірден аудандық ауруханаға жеткізілді. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тіркелген қайғылы жайт бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оның нәтижесі негізінде процессуалдық шешім қабылданатын болады. Жалпы сандарды сөйлетейік, қаңтар-шілде аралығында аққайыңдар өлкесінде 308 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 23 адам көз жұмған.