Ата заңның маңызы жайлы Достық үйінде де айтылды. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен облыстың белсенді азаматтары қатысты.
КЕМЕЛ ОСПАНОВ, “Қоғамдық келісім” КММ басшысы:
— Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата заңда бекітілген республикамыздың тұғыры, қағидаттары бүгінде өзінің өміршілдігін дәлелдеді.
Жиылғандар алдымен Конституцияның тарихи қалыптасу кезеңіне тоқталды. Негізгі мақсат – құжаттың маңызын айту, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті нығайту. Ата заңға өзгерістер енгізіліп отырады. “Бұл – заман талабы”, – дейді облыстық мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.
СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің директоры:
— Қазақ тарихына келетін болсақ, заң сонау Алтын орда дәуірінен бастау алады. Яғни, заңдар жинағы өзінің тарихын ертеден алады.
Ата заң қашан да маңызды болады. Ол барлық саланы қамтиды. Кездесу барысында осы тұрғысында бірсыпыра пікір айтылды.
СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің директоры:
— Заң адамның жеке басының құқығын қорғау үшін қажет. Екіншіден, адамдардың қоғамдағы тәртібі үшін керек.
Шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының белсінділері мадақталды. Оларға адал еңбектері үшін облыс әкімінің атынан Алғыс хат табысталды.
Мәдина Қаби