Қоғам

СҚО-да тіркелмеген 94 қару тіркелді

Қыркүйек айында су құстарына аңшылық маусымы ашылмақ. Кезекті науқан алдында өңір полицейлері профилактикалық шараларды
күшейтті. Мақсат – қарумен жасалатын қайғылы жағдайлардың алдын алу. Әрбір аңшының өзімен бірге рұқсат құжаттары болуы шарт. Қаруды заңнама талаптарына сай ұстаған жөн. Тасымалдаған кезде оқ-дәрісіз, бөлшектелген және қапталған күйде алып жүру керек. Мас күйде қолдануға қатаң тыйым салынады.

МЕЙІРМАН СОВЕТОВ, Петропавл қаласы ПБ инспекторы:

— Тамыз айының 19-ы мен 26-сы аралығында облыста “Қару иесі” атты алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын хабарлаймыз. Науқан аясында тұрғындарды азаматтық қаруды сақтау, тасымалдау бойынша ереже сақтауға шақырамыз.

Жыл басынан бері әкімшілік полиция қызметкерлері облыста қаруды сақтау ережесін бұзудың 297 дерегін тіркеген. Ал қайта тіркеу мерзімдерін бұзудың 191 фактісін және тіркелмеген қаруды сақтаудың 94 фактісін анықтады.

 

Ақтолқын Солтанханқызы