Өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Гарнизондық сап түзеуге полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов қатысты. Ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін жауапты күндер күтіп тұр. Ата заңымыздың мерейтойына орай шеншілер күн-түн демей еңбек етеді.
АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО полиция департаментінің бастығы:
— Бізге халықтың өмірі мен тыныштығын сақтау, азаматтардың және елдің мүлкін, мүддесін қорғау жүктелді. Конституция күнін мерекелеу кезінде ІІМ тапсырмасына сәйкес 29-шы тамыздан 1-ші қыркүйекке дейін күшейтілген режимде жұмыс істейміз. Күн сайын 500-ден астам полицей солтүстікқазақстандықтардың және қонақтардың қауіпсіздігін күзетеді.
Гарнизондық сап түзеу салтанатты шерумен аяқталды. Полицейлер мен әскери қызметшілер оркестр әуенімен жүріп өтіп, күнделікті қызметке кірісті.
Ақтолқын Солтанханқызы