Экология

Өңірде бір апта ішінде 21 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды

Облыста Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерге сәйкес экологиялық мәдениетті қалыптастыру және аумақтарды абаттандыру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Жыл басынан бері аймақта абаттандыру ережелерін түсіндіруге және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын түсінуге бағытталған 240-тан астам кездесу өткізілді. Акцияларға ерекше назар аударылады. Мысалы, сәуірдің 21-ші жұлдызында өңір тұрғындары «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясына қатысты. Бір апта ішінде 21 мыңнан астам жасыл желек егілді. Ал жыл басынан бері аққайыңдар өлкесі 89 мыңға жуық ағаш және бұтамен көгалданды. Бұдан бөлек, мыңдаған азамат аулаларды, тарихи және мәдени ескерткіштер маңын, саябақтар мен саяжолдарды ретке келтірді. Іске 2 жарым мыңға жуық техника тартылды, 61 мың тоннадан астам қалдықтар шығарылды. Мұндай бастамалар өңір тұрғындарын ауызбіршілікке шақырады және елдің таза, көрікті болуына үлесін қосады.