Солтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай #ATAZAN_AZAMAT_KZ атты челлендж басталды. Шара 16 жасқа толған жастарды қолдауға бағытталған. Бастама еліміздегі әрбір жас жігіттің азаматтық сәйкестендірілуі мен құқықтық мәртебесінің маңыздылығын айқындауға арналған. Челлендж аясында жергілікті билік өкілдері мен қоғам мүшелері ұл-қыздарға жеке куәліктерін табыстайды. Бұл олардың қоғам өміріне белсенді қатысу жолындағы маңызды қадам болмақ. Ел көлеміндегі шара 29 тамызға дейін жалғасады.