Ата заңның 30 жылдығына арналған кезекті шара! Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Конституция күніне орай кітап көрмесі қанат жайды. Танымдық шара мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналып отыр. Сөреге қазақ және орыс тіліндегі ертегілер қойылған. Бұларды оқу арқылы ұл-қыздар оң мен солды таниды, тәртіпке бағынған ел құл болмайтынын қазірден түсінеді. Көрме қыркүйектің 6-шы жұлдызына дейін жалғасады. Қоса кетейік, қазір кітапхананың “Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылары” бөлімінде 30 мыңға жуық кітап бар. Тұрақты оқырмандар жиі келіп тұрады.
ГҮЛИЯ ЕРЕЖЕПОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлімінің басшысы:
— Мысалы, “Шалқан” ертегісін оқу арқылы балалар бір-біріне көмектесу керек екенін түсінеді. Ал “Үш торай” ертегісінде балалар әр адамның жеке үйі және отбасы бар екенін біледі.
Мәдина Қаби