Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №51 мекемеде синтетикалық психостимулятор анықталды. Тыйым салынған дүние жазасын өтеушіге сәлемдеме арқылы келген. Психотроптық затты жеткізуші ойын жүзеге асыру үшін үш ұйықтасақ түске кірмейтін әрекетке барыпты. Ол еліткішті сұйытып, дәретхана қағазына сіңдірген. Мұндай бұзушылықты анықтап оңай емес. Қырағы қызметкерлер күдікті қағазды сараптамаға жіберген. Нәтижесінде 0,04 грамм психотроптық зат табылған. Сәлемдемені жіберген адам анықталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша іс қозғалды.