Құқық қорғау органдары

Зейнеткер ауыр соққыдан қаза тапты

Зейнеткер ауыр соққыдан қаза тапты! Тамыздың 25-і күні күндізгі 4 жарымдар шамасында Петропавлдағы “Южный” базары аумағында жаға ұстатарлық жағдай орын алды. Егемен Қазақстан көшесі бойындағы автотұрақта «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі 72 жастағы азаматшаны қағып кетті. Салдарынан зардап шегуші нәзікжанды қаза тапты. Аталған факті бойынша іс қозғалды, қазір полицейлер тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.