Білім

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа директор тағайындалды

Петропавлдағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа директор тағайындалды. Енді білім ұясын Виктор Сосин басқарады. Оның NIS жүйесіндегі еңбек өтілі 15 жылдан асады. Маман өзінің кәсіби жолын Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім қызметінен бастады. 2019 жылдан бері аталған оқу орнын басқарды. Виктор Николаевич – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ал жергілікті білім ордасының бұрынғы директоры Данияр Уәлиев Өскемен қалаcындағы NIS мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.