Биыл Есіл ауданындағы Өрнек ауылында игі бастамалар қолға алынды. Қазір елді мекенде 3 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мұндай жұмыс
бұған дейін де жүргізілген. Тұрғызылған баспаналарға өзге облыстардан көшіп келген отбасылар қоныстанды. Дәстүр жалғасын табады. Іргетасы қаланған жаңа үйлерге келер жылы теріскейді таңдаған жанұялар немесе ауылдағы көпбалалы отбасылар кіреді.
МЕРЕКЕ ҚАДЫБЕКОВ, Алматы ауылдық округінің әкімі, Есіл ауданы:
— Өрнек ауылын дамыту, мектепті ұстап қалу үшін отбасылар көшіріліп жатыр. Үйде су болады.
Ауылда жол да жөнделіп жатыр. Елді мекенде 3 басты көше бар. Солардың барлығына қиыршақ тастар төселген. Бұған дейін тұрғындар көктем-күзде қиналыпты. Енді мұндай машақат туындамайды.
МЕРЕКЕ ҚАДЫБЕКОВ, Алматы ауылдық округінің әкімі, Есіл ауданы:
— Биыл аудандық бюджеттен 188 миллион теңге бөлінді. Ақшаға ауылішілік жолдар асфальтталады.
Жол жөндеу жұмыстары 1-ші қазанға дейін аяқталмақ. Халық көптен күткен жұмысқа петропавлдық ұйымдар жауапты.
Мәдина Қаби