Мәдениет

«Sensitive» театры Қытай сахнасында өнер көрсетеді

Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында халықаралық мәдени іс-шаралар өтуде. Аспанасты еліндегі айтулы фестивальге Қазақстанның атын әлемге танытқан жергілікті «Sensitive» театры да қатысады. Қуанышты жаңалық облыстық әкімдіктің Telegram арнасында жарияланды. Талантты теріскейліктер сахнаға 27-ші тамыз күні шығады. Бұл – еліміздегі есту қабілеті шектеулі жандардан құралған жалғыз би ұжымы. Олармен бірге құлағында мүкісі бар балалардан құралған «Кішкентай дельфиндер» хоры да өнер көрсетеді.