Қоғам

Қытайлық делегация Петропавлдағы кәсіпорындарда болды

Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмғұлов пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин бастаған делегация алдымен “Qyzyljar” үстел тенисі орталығына барды. Нысанның жұмысымен танысты, балалармен кездесіп, шеберлік сынады. Кейін қонақтар Қозыбаев университетінде болды. Олар алдымен “АгроХимАналитика” ғылыми зертеу зертханасынның жұмысымен танысты. Білім ордасында Қазақстан-Қытай бірлескен өсімдік шаруашылығы зертханасының тұсауы да кесілді.

Бұдан соң Қытай делегациясының өкілдері өңіріміздегі “РиМ-КазАгро” серіктестігінің қағаз өндіру фабрикасында болды. Қонақтар макулатура өңделетін цехтың жұмыс барысымен жіті танысты. Ендігі нысан – “Зеленый Север” серіктестігінің жылыжай кешені. Мұнда қияр, қызанақ өсіріледі. Сонымен қатар, меймандарға құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан саңырауқұлақ цехінің жұмысы туралы баяндалды.

 

Ақтолқын Солтанханқызы