Спорт

Емхана ұжымы Ата заңның 30 жылдығына орай спорттық акция өткізді

Дені саудың – жаны сау! №1 қалалық емхана қызметкерлері Ата заңның 30 жылдығына орай спорттық акция өткізді. Мерейтой қарсаңында ұйымшыл ұжымның мамандары Тұңғыш Президент саябағына жиналды. Олар алдымен жаттығу жасап, дене қыздырды. Ендігі кезекте – жүгіру. Салауатты өмір салты насихатталатын шараға ақ халатты абзал жандардың балалары да қатысты. Бас ауырып, балтыр сыздағанда жәрдем беретін жерлестеріміз солтүстікқазақстандықтарды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға және Конституцияны құрмет тұтуға шақырады.

НИКОЛАЙ НОВИКОВ, №1 қалалық емхананың директоры:

— Еліміздің басты құжаты күні қарсаңында бас қосуды жөн деп таптық. Конституцияның мерейтойына байланысты ұжымнан 30 адам келді. Біз “Бір адам – бір шақырым” қағидасы бойынша жүгіреміз. Сонда 30 шақырымды еңсереміз. Адам спортты, дене шынықтыруды жанына серік ету қажет. Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі. Әрі мұндай шаралар ұжымды біріктіреді. Жұмыс барысында тілдесе алмаған адамдар таза ауада кеңесіп, бір-бірімен жақсы байланыс орнатады. Алдағы мерекемен баршаңызды құттықтаймын!

Байболат Құлтанов