Оңтүстіккореялық азамат білім алуға ештеңе кедергі еместігін дәлелдесе, петропавлдық кейуана ешқашан кеш еместігін дәлелдеді. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне зейнеткер Нурия Бикметова құжат тапсырды. Ол “Заңгер” мамандығын меңгермек. Талапкер – кәсіби медиатор. Бұған дейін қиындыққа тап болған талай адамға жәрдем берген. Заңгерлік білім алуды бұрыннан армандапты. Үнемі алға ұмтылатын әженің бастамасына жақындары қолдау білдірген.
НУРИЯ БИКМЕТОВА, талапкер:
— Әрқашан оқу қажет. Білім жасқа қарамайды. Білімді адам сауатты, ортасында сыйлы әрі жан-жақты болады. Арманым – Қозыбаев университетінде оқу. Мақсатыма жетемін деп ойлаймын. Келешекте сот отырыстарына заңгер немесе қорғаушы ретінде қатысқым келеді. Бүгін алғашқы қадам жасалды. Өте қуаныштымын.
Мәдина Қаби