Солтүстікқазақстандық полицейлер жол апаты жиі тіркелетін қауіпті учаскелерде профилактикалық жұмысты күшейтті. Жайсыз жайттардың басым бөлігі жылдамдықты шамадан тыс асыру салдарынан орын алады. Бұл тәртіп сақшылары тұрақты түрде жүргізіп отыратын талдау кезінде анықталған.
— БПП, ст. лейт. полиции Сабитов Габит Токтарбаевич. У нас профилактическое мероприятие проводится, именно по ПДД. Участились ДТП, т.е. люди нарушают, а именно большинство – скоростной режим.
Тәртіп сақшылары апаттың алдын алудың жаңа тәсілдерін іздестіруде. Олар республикалық маңызы бар автожолдардың қауіпті тұстарында, яғни бұрылыстарда, орман алқабы мен жолға таяу орналасқан жерлерде жүргізушілерді тоқтатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осындай учаскелердің бірі – Аққайың ауданына қарасты Астраханка ауылы маңы.
— Не устали, ничего?
– Нет.
– Далеко едете?
– В Кокчетав.
– Здесь у нас аварийно-опасный участок такой, т.е. буквально 18 числа было ДТП. Слышали, да? Так что предельно будьте аккуратны, если устали – есть кемпинг, можете отдохнуть.
Профилактикалық шара «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын нығайту мақсатында өткізіліп жатыр. Полицейлер аталған жұмысты тұрақты түрде қолға аламыз дейді.
ДАНИЯР СӘРСЕКЕЕВ, СҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы:
— Жүргізушілер жылдамдықты шектен тыс асырмауы қажет. Арақашықтықты да сақтаған жөн.
Бақылау шараларын күшейтпесе болмайды. Жыл басынан облыста 308 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өкінішке қарай, салдарынан 23 адам қаза тауып, 419 адам түрлі дене жарақатын алды. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі республикалық маңызы бар жолдарда болыпты.
Нұрасыл Ахмет