БалаларҚұқық қорғау органдары

Петропавлда «Әрекеттегі Конституция» атты құқықтық квест өтті

“Qyzyljar” креатив орталығының аумағында «Әрекеттегі Конституция» атты квест өтті. Шара Ата заңымыздың 30 жылдығына арналған. Құқықтық білімді арттыратын сайысқа Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мамандары, белсенді студенттер мен оқушылар қатысты. 4 команда арасындағы бәсеке 4 кезеңнен тұрды. Алдымен азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы сұрақтар қойылды, кейін алғашқы медициналық көмек көрсету, ребусты шешу және логикалық тапсырмаларды орындау бойынша сайыс өтті.

ДӘУРЕН ШИРАХАНОВ, Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры:

Біз бұл квестке жастардың құқықтық тәрбиесін қолдау мақсатында тәлімгер ретінде қатысудамыз. Жастарға заңдылық пен құқықтық тәртіптің маңызын жеткізуде осындай шаралар тиімді деп санаймыз.