Білім

Оңтүстіккореялық фермер Қозыбаев университетіне түсті

Оңтүстіккореялық азамат Қозыбаев университетіне түсті. 42 жастағы О Чон Гиль магистратурада оқымақ. Өз елінде ауыл шаруашылығымен айналысатын білім алушы Петропавлға турист ретінде келіпті. Фермер өңіріміздің табиғатымен, сауыншылықтың қыр-сырымен таныспақ болған. Аймақтағы ілкімді жобалар көңілінен шыққан. Ол өзінің біліктілігін арттыру мақсатында жергілікті оқу ордасына құжат тапсыруды жөн деп тапқан. Университетте «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша білім алмақ. Талапты магистрант болашақта аққайыңдар өлкесінде тауарлы сүт фермасын да ашқысы келеді.