Қоғам

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Петропавл қаласының тұрғыны Еркежан Опарина – толық емес отбасы ретінде тұрғын үй кезегінде тұр. Ол қайтыс болған жолдасының орнына кезекке тұруды қайта қалпына келтіруге бола ма деген сауалмен келген.

ЕРКЕЖАН ОПАРИНА, қала тұрғыны:

— 18 жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрмын, бірақ әлі күнге дейін баспана ала алмай келемін. Алдымен 7 жыл күйеуім кезекте тұрды, ол ІІ топтағы мүгедек болатын. Ол қайтыс болғаннан кейін, 2014 жылы өз атымнан кезекке қайта тұрдым. Содан бері әлі нәтиже жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күні тұрғын үй кезегінде 23 мың адам тұр. Еркежан Опарина тізімде 1160 болып тұр. Петропавл қаласының әкімі биыл 110 пәтердің пайдалануға берілетінін айтты. Заң бойынша кезектен тыс баспана алу мүмкін емес. Ал Гүлмира Бисембаева мердігер компанияның жұмысына наразы. Оның айтуынша, жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің цоколды қабатынан орын сатып алған, алайда үйде құрылыс нормалары өрескел бұзылған.

ГҮЛМИРА БИСЕМБАЕВА, қала тұрғыны:

— 2023 жылы мен кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін ғимарат сатып алдым. Бірақ осы күнге дейін жөндеу жұмыстарын бастай алмай келемін. Себебі, цоколды қабытты үнемі су басады.

Ғауез Нұрмұхамбетов жағдайды анықтауды облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау басқармасының басшысына тапсырды. Әрбір өтініштің орындалуы қатаң бақылауда болады.