Ата заңның 30 жылдығы қарсаңында облыстық прокуратура қабырғасында айтулы шара өтті. Әнұранмен бастау алған жиынға сала ардагерлері мен жастар арнайы шақырылған. Олар бүгін тарихи оқиғаның куәсі атанбақ.
Саусақпен санарлық күндерден кейін мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты саналатын Конституцияның кезекті мерейтойын атап өтеміз. Осыған орай облыстық прокуратурада музей ашылды. Мұнда келген адамдар түрлі сезімді бастан кешіреді. Тарихи жәдігерлер, фотосуреттер жетерлік. Әрқайсысы өткен жылдардан сыр шертеді.
ҚАЗИҚАН РАҚЫШЕВ, прокуратура органдарының ардагері:
— Өзім 30 жылдай қызмет еттім. Аудандарда еңбек еттім. Облыстық прокуратурадан зейнетке шықтым.
Музейдің ашылу салтанатына прокуратура органдарының ардагері Қазиқан Рақышев арнайы шақырылыпты. Еңбегі сіңген жерлесіміздің орны бөлек. Оны ізін басқан әріптестері жақсы біледі.
ҚАЗИҚАН РАҚЫШЕВ, прокуратура органдарының ардагері:
— Бұл музейдің бастауында мен тұрмын. Кезінде 5-ші қабатта музей аштым. Онда оқушылар келіп жүрді. Музейдің жаңарғанына қуаныштымыз.
Алдағы уақытта облыстық прокуратура қабырғасындағы музей жәдігерлермен толыға түседі. Бұл іске сала ардагерлері қолдау көрсетпек.
Байболат Құлтанов