Қоғам

Заңсыз темекіні таңба арқылы анықтауға болады

2025 жылы Қазақстанда табак өнімдерін таңбалау басталды. Қазір көлденең жолмен шығарылмаған әрбір темекі қорабының сыртында Data Matrix коды бар. Сол арқылы тауардың заңдылығына көз жеткізуге болады.

ГЛЕБ КОБЗЕНКО, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

— Код арқылы тауар жайлы барлық ақпаратты алуға болады. Мәліметтер тізімінде өнімді кімнің шығарғаны, қайда және қалай тасымалданғанына дейін бар. Таңбалаудың пайдасы зор. Жаңашылдық арқылы жосықсыз бәсекеге тосқауыл қоямыз. Бұл бизнес өкілдеріне тиімді. Ал адамдар сапалы немесе сапасыз тауарды ажырата алады. Денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төндірмейді.

Көлеңкелі экономикамен күрес мемлекет үшін де тиімді. Заңсыз айналымнан тауарларды алу арқылы әділдік орнайды, жан-жақты даму орын алады. Кодты сканерлеу үшін арнайы қосымша қажет. Кез-келген платформада жүктелетін қосымшаның атауы – “Naqty Onim”.

ГЛЕБ КОБЗЕНКО, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

— Таңбалаңған тауарды тануға мүмкіндік беретін қосымша оңай жүктеледі. Ұялы телефон ғана қажет. Сонымен қатар, темекінің бөлшек саудадағы минималды бағасы 920 теңге екенін хабарлаймыз. Бұл тұрғыда Қаржы министрінің бұйрығы бар. Ол шілденің 1-і мен желтоқсанның 31-і аралығында заңды күшіне ие.

Заңсыз өнім анықталған жағдайда толық көлемде тәркіленеді. Жыл басынан бері Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері полицейлермен бірге 20-дан астам рейдке шығыпты. Нәтижесінде таңбаланбаған темекі ірі көлемде анықталған. Олар тиісті органдардың араласуынан кейін жоюға жіберіледі.