Облыс орталығында учаскелік инспекторлар тұрғындармен және пәтер иелері кооперативтері өкілдерімен кездесті. Жүздесу “Бірыңғай күн” шарасы аясында өтті.
Бүгінде әр көпқабатты үйде чат құрылып, оған учаскелік инспекторлар, тұрғындар мен ПИК мүшелері қосылған. Осы арқылы тұрғындар ұсыныс немесе шағым қалдыра алады. Ал полицейлер заң аясында дереу әрекет етеді. Жиын барысында қазіргі таңдағы аса өзекті мәселелерге тосқауыл қою тәсілдері талқыланды.
АРМАН РАМАЗАНОВ, Петропавл қаласы ПБ учаскелік инспекторы:
— Парк көшесі, 21 мекенжайында тұрғындармен кезекті кездесу өтті. Іс-шараға жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары қатысты. Жиында интернет-алаяқтықтың алдын алу, ұрлықтың жолын кесу жайлы талқыланды.
Сонымен қатар, учаскелік полицейлер пайдалы ақпарат жазылған жадынамалар таратып, байланыс деректерімен бөлісті және тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарын назарға алды. Мұндай қарым-қатынас қауіпсіз әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Нұрасыл Ахмет