БілімДенсаулық сақтау

Басқарма басшылары тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысында басқарма басшылары тағайындалды. Енді Сәкен Әмрин денсаулық сақтау басқармасына жетекшілік етеді. 1984 жылы Шал ақын ауданында туған азамат бұған дейін “Көпсалалы облыстық аурухананың” бас директоры қызметін атқарғаны мәлім.

Ал дене шынықтыру және спорт басқармасын Қарлығаш Рамазанова басқарады. Жамбыл ауданының тумасы. Еңбек жолын 2004 жылы Қозыбаев университетінде оқытушы ретінде бастаған азаматша жаңа тағайындауға дейін “Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы” директорының орынбасары қызметін атқарды